«Бұлшайырдыңжүрегіненқайнапшыққан, ерекшежаралғанқасиеттіжандарғадегеншынықыластыжыры» депұғамыз.
Әкесі айтқандай, Абдолла алғырлығымен ілімді терең меңгереді. Бұхара медіресесін тауысып келген ол, мешітте дәріс бере жүріп, қажылық сапарына бел буып, 1880 жылы Тайсойғандағы Тәзіке Мәкібай, Шажабайлармен бірге Мекке-Мединеге аттанады. Елден шыға Жем бойындағы пір Бекет дүниеге келген, кейін мешіт салып, Ақмешіт атаған (Жылойдағы) жерге, қасиетті жандарға дұға бағыштамақ ниетпен ат басын тірейді. Келген бетте осы мешіттегі тәлім беріп отырған молда бақилық боп, өлерінде шәкірттеріне «Солтүстіктен қажылыққа бара жатқан оқымысты келеді, жаназамды сол оқысын» деп кеткен жайдың үстінен түседі. Абдолла шаһиттің жаназасын шығарып, сондағы отыз балаға үш күн ілім үйретеді. «Ұстазсыз қалған отыз мүритке дәріс берген үш күн қажылық сапарды орындағанға тең, Алланың сауабы болады»,-дейді екен. Осы сапардан 1883 жылы қажы атанып, елге оралады. Бір жылдан соң Үргеніштегі Зәкіржан пірінің қолын алып, ер-тұрманымен арғымақ ат, басына сәлде, қолына аса таяқ ұстап, хазірет атанады. Үргеніштен қайтып келе жатып, Әмударияға жақындағанда қарақшылардың көзіне ілігеді. Жаны қысылған Мәкібай қажы қуғыншыларға қарсы дұға оқиды, бірақ әлгілер жақындай түседі. Қинала түскен ол «Абдоллажан, сен оқышы» деген екен. Абдолла дұғасын оқығанда қарақшылар сағымданып, көзден ғайып болыпты. Әмудариядан дін аман өткесін, тірі қалғанына қуанған Мәкібай: «Інім, Алла сенің оқыған дұғаңды қабыл алды, сенің білімің менен жоғары екен. Алланың сүйікті құлына қосылып, шаңырақ көтеру үлкен сауап. Рахия қызымды саған беремін»,-депті. Жасы үлкен кісінің бұл тосын қылығына сәл таңырқай: «Аға, мені қызыңыз ұната ма? Екіншіден, балаңыз болғанымен көрмеген адамына сырттай айттыру қиянат қой»,-дегендей сылтауратады. «Мен қызыма айтқанымды тыңдатамын»,-деп Мәкібай уәде етеді. Күндер өте келе Мәкібай қажыдан шақырту хабар келеді. Абдолла, інісі Мәтжанды қасына алып, Тайсойғанға тартады. Қажының қызы Рахия хазіретті көргеннен-ақ келісімге келіп, келесі жылы Қопаның Шилі елінде ол екінші рет шаңырақ көтереді. БәйбішесіБайқошқарКетеБайкелдіхазіреттіңМайлыбайесімдіқызыекен. Алғанілімінкөшпеліелдіңжеткіншектерініңкөкірегіненұрқыпқұюдыарманетіп, өзжұртыныңкөзінашып, маңайынабойындағыбарыншуаққыпшашудыжөнкөргенұстазхалқынақалтқысызқызметқылады. Осындайойменіргеліістердіқолынаалып, ауқаттыадамдардыңбасынқосып, жерастымешіттеріненгөрі кеңдалатөрінекөрнектімешітсалужөніндеойтастайды. Бұлойыжүзегеасып, 1910 жылдары шамасындааймақтағыбеделдікісілердіңықпалыменОрынборгуберниясыжәнеУфадінибірлестігінетіркеліп, Шибұлақжерінен мұсылманбалаларынсауаттандырумақсатындамешітсалуісінқолғаалады. ҚаржылайкөмектурасынАдайдыңМұңалыныңперзенті СаламаттыңСарбасыұйымдастырады. МешітжобасынәкесіЖаналыменекеуісызады. Орынбордансәулетшіекітатаржігітіналдырып, құрылыстыжүргізебереді. Сарбас, Аманқұл, Қауымбай, Шідербай, ҚалниязЖұбан, Тұрнияз, ӘлиТөлеусындыбелгіліжомартбайлармалдай, заттай (алтын, күміс, т.т.) төгіп, қаржыдантарықтырмайды. Тіптіалтынбұйымдысандығыменбергендердетабылыпты. ҚұрылысзаттарыСамарқаннан, РесейдіңбірнешеқалаларынанОрынборарқылықолдағыбаркөлік—түйемен, түйеарбамен, ат, атанменәкелінеді. Қазақтыңдархансахарасытөріненосылайшарухымықтыхалықтыңбағынаеңселіілімошағы, исламмәдениетініңордасы, көшпелімұсылмандардыңбасқосып, тәуетершаңырағыныңсұлбасықараңдаптұрғызылабастайды. Онсыздаөркениеткебетбұрабастағанеліргесіненқасиеттіүйтұрғызылатынына«тәубе»айтып, тайлы-тұяғымен шапқылап, тілектестікбілдіреді. Төңіректегіатқа мінерлержиі-жиікеңесіп, келеліістіңкенеуінкетірмей, кертартпалықтыңжолынкесіп, жарғаққұлақтарыжастыққатиместенжанашырлықкөрсетеді. Көпшіліктіңкөмегіменкөмкерілгендүниетөртжылдегендееңсетіктейді. Мешітеларасында«Көкмешіт»аталады. БұлайаталусебебіоныңқабырғаларыСамарханнанәкелінгенкөктастанқаланады. Көгеріпкөрінгенсоңсолайаталыпкеткен.
1914 жылданбастапбалаоқибастайды. 1918 жылға дейінхазіретөзібасшылықжасайды. ОныңілімдерінегізіндеҚұранментәлімберіп, руханитәрбие, математика, жағрафия, табиғаттазалығы, география, т.б. дүниетанымсабақтарыноқытқан. Демекол, текдінисауаттығанаемес, жан-жақтыбілімдарғалым. Ғылымныңсантараулыбағытынкөкірегінетүйгендана. Келешегінболжайаларкөреген, дуамендемсалартәуіп, тарихатжолынтолықмеңгеріп, бойынақасиетдарығанәулиедеседежарасады. Бойына жаман дүние дарытпаған, ойына арам ниет жолатпаған, Алланың ақ жолынан адаспаған, сол кезгі қарияларымыздың естеліктерінде Абдолла Қазақстанның батыс өңірінде ислам әлемі ғылымын дамытқан ғалым екендігі дәлелденеді. Ол 1918 жылдың басында халық арасына төніп келе жатқан зобалаңды сезіп, «Алла, мына босатын өкіметті бізге көрсетпей-ақ қойсын» деген екен. Әулие айтқаны келіп, сол 1918 жылдың соңына жетпей көз жұмыпты. Ол кісі бұл дүниені тәрк еткен соң «Көкмешітті» 1929 жылға дейін үлкен ұлы Әбдіуәли ұстайды.
Хазірет даңқы алысқа кеткен, белгілі «бес жорғаның» біреуі Ақтан Керейұлымен сыйласып өткен. Ақтан 1850-1912 жылдары аралығында Сағыз өзені бойында Абдолламен қоныстас дәурендеген ақын. Дәуірінің дүниеқұлы оқымыстысы болыпты. Бұл туралы қатарынан ән оздырған әйгілі өнерпаздар, «Жеті қайқының» бірі Әділ Өтеғұлұлының баласы, қазір Сағыз станциясының тұрғыны Кемал ақсақал біраз ақпар біледі. Кемалдың айтуынша, ақын Дүйсеке қажымен етене жақын араласыпты. Екеуі бірге ілім тоқыса керек. Ел аузынан қажы «Ақтан жырлап жүр» дегенді құлағы шалыпты. Бұл сөзді дақпырт санап, «Апыр-ай, санасы терең еді, мүмкін емес»,-деп сене қоймайды. Бірде Ақтанның келгенін естіп, қонағын қарсы алғалы тысқа шыға берсе, ақын кіріп келеді екен. Екеуі есік аузында жолығысып, жырау толғай жөнеліпті. Дүйсеке ұйықтап кеткен адамша сұлық тұрып, тыңдапты. Өлең біткесін «Айтып жүргенің мынадай сөз болса, көрге кіргенше сөйлей беруіңе болады екен»,-депті дейді.
Елден озық сауатына қарамай, өнердің құдыретіне бас иген Ақтан баласы Бақтиярды Абдолланың тәрбиесіне береді. Маңғыстау түбегіне, қыстауға көшкен ақын баласын хазіреттің қолына қалдырыпты. Жаз шыға жайлауға келгесін ұлының жайын білуге соғады. Ұстаз «Балаң зейінді, алғыр. Бірақ әркімге бір өлең шығарып тастай береді. Өнерге бейім. Жаныңа алып, баулысаң қайтеді»-депті. Ақын «Келешек оқығандардікі. Оқып, білім алсын» деген ыңғай танытып, ұлын қайта табыстапты. Бақтияр кейін жаңа үкімет хазіреттен тәлім алғандарды қудалағанда сотталып, Сібірге айдалған. Содан қайтып оралмаған. Ал Ақтан 1912 жылы көз жұмып, осы «Көкмешітке» қойылған. Абдолла хазірет те өзі салдырған «Көкмешіттің» жанына жерленген.
Мешіт 1930 жылдары шамасында атеист жандардың пәрменімен талқандалып, кірпіштері түрлі құрылысқа пайдаланылған. Бүгінде қасиетті үй орынында кешегінің тірі айғағындай боп тұрған, әулиеге қапысыз қызмет атқарған құдық, дәрет алуына арнайы салдырған кішігірім сарайшық және тамыры солып құлаған зор талдың қураған қалдығы ғана. Жергілікті жандардың айтуынша, осы тал хазіреттің көзі тірі кезінде жайқалған, саялы болыпты. Ол кезде бұл қарағаш маңында мөлдір бұлақ ағып жатыпты. Бұлақ суымен сусындап, осы жалғыз түп тал да тамырын терең жаяды. Қайнар төмен ағып, ойға кішігірім көл құралады екен. Әулие өмірден озғасын бұлақ суы тартылып, қарағаш солып, көл суалып, аймақтың берекесі кеткенге ұқсайды. Қорегі кеткесін тал да, көл де келеге келмейтіні анық, дегенмен бұл көрініс ойланатын жай секілді. Кейін хазіреттің жақындары, шәкірттері түгелдей осы тал мен көлдей қурап солған. Бұл енді басқа тақырып, бөлек әңгіме.
Есентүгел ӘЗИ,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің философия магистранты,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
«Ақтөбе» газеті, 14 шілде, 2011 жыл.