Әлжеке еді біреуі...», дегені біз жоғарыда атап өткен Абдолла хазірет Жаналыұлын айтып отырғаны. «Қопадағы Абдолла» дегені Атырау облысындағы Сағыз станциясының бұрынғы атауы «Қопа» деп аталған екен, сондағы Абдолла деп отырғаны біз үстіңгіде атап өткен екі хазіреттің бірі. Әлжан ишанмен бірге Сағызда, көк мешітті ұстаған ғұламалардың бірі (осы Абдолла хазірет болуы керек) Әлжанмен бірге оқыған деседі. «Софылық мектептің түлектері жыл сайын сол көк мешітте кездесіп отырады екен» деген де ауызекі әңгіме сақталған.
Салтанат та әкесінің жолын жалғастырып, дін жолын ұстанады. 1891 жылыФорт-Александровскқаласындадүниегекелген. Әкесісындыарабшабілімалып, Форттамешіт-медреседешәкірттәрбиелегенатақтыишандардыңсанатындаболған. 1907 жылы Астрахандажаңаәдістімектептеоқыған, 1913 жылға дейінжергіліктібалалардыңсауатынашқанекен. Әлжан 1917 жылы өмірденозғаннанкейінорнынатуғанінісіазаншыОспанБаймырзаұлыбекітіледі. Оспанмешітті 1920 жылға дейінбасқарып, кейінСалтанат 1920–1938 жж. дейінимандылықтыңақтуынжықпай, 18 жыл бойынақызмететеді. АлОспан 1929 жылы өмірденозады. АғасыӘлжанекеуініңбейітіқазіргіТүпқарағанауданындағы«Сейди-Сисламата»қорымындажерленген. СалтанатӘлжанұлыдінжолындақызмететкенкезеңнағызатеистікбелеңалыптұрғанқызылкезеңеді. Көпұзамайолқыспаққаалынабастайды. Жүргенжері, басқанізі, айтқансөзі– бәрі-бәріқаратізімгеалынады. КейқұжаттардаСалтанаттыңөзқолыменжазғанарызысақталған. Олхатта: «ӘкесіӘлжанменінісіОспанныңешқандайимам, молдаболмағанекендігін, өзінОспанныңұлыекендігін, кедейотбасынаншыққанын»жазса, ендібірдеректеСалтанаттың: «ӘкемӘлжансауатсыз, текмешіттеқарауыл, азаншыетіппайдаланған, екеуіде (Оспан да) имамболмаған»деуініңнегізсіздігікөрінеді. ӨйткенісолтұстазаманағымынақарайСалтанатөкінішкеорай, тегінжасыруғатуракелді. Дінгемұндайкөзқарасхалықтыимандылықтан, ізеттіліктен, қайырымдылықтан, салт-сана, әдет-ғұрыптан, ұлттықсезімненайырудыңбірден-біртаптырмайтынжолболып, Кеңесүкіметібұлмәселеніөзіаренаданкеткеншекүнтәртібінентүсіргенжоқ. Өзауылыныңадамдарыныңайдапсалуымен, күншілдікпиғылменСалтанатӘлжановқаратізімненбосатылмай, ГурьевоблысыбойыншаУНКВДүштігінің 58-2, 6, 8, 11 жазаныңауыртүрімен 27 желтоқсан 1938 жылы«халықжауы, дінөкілі»депайыптағылып, атужазасынакесіледі. СалтанаттыңәйеліМеткелАманиязованыңайтуыбойынша, келініАлмаЖанбатырқызыныңұлыӘбдірәсулгежеткізуінше 1938 жылы үйгебылғарықаракүртелі, фуражкалыекіадамСалтанаттыіздепкеліп, алыпкеткенін, артынаніздепбарғандакездесугерұқсатбермегенінайтқанекендейді. Қаталкеңестікдәуірдіңсуықкүні-ай... ОсысәттеұлтұстазыАхметБайтұрсынұлыныңқиынсәттібасынанөткізетұра:
«Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асып, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны», деген өлең шумағы есіңе оралады.
Иә, қаншама арыстарымыз сталиндік репрессияның қызыл құрбанына айналып кете барды. Әттең-ай... Бүгінгі таңда Әлжан ишан қажы ұстанған екі ғасыр, отыз жылдай уақыт өтсе де Алланның үйі «Ақ мешіт» әлі күнге дейін қаз-қалпында тұр. Салтанат Әлжанұлы 1938 жылы ұсталып кеткеннен кейін мешіттің иесі болмай, мешіт ғимаратының көк күмбезі құлатылып, мешіт өз атауынан алыстайды. Соғыс жылдарына дейін «Қосшы» одағының қоймасына, ал соғыс жылдары зат сақтаушы қойма болады. Бүгінде ол ғимарат «Жақсыбек» атты дүкен. Қасиетті Алла үйін, есімі мәшһүр аталар ұстанған «Ақ мешітті» ұрпақтарына қайтарар күн туды деп есептейміз. Бүгінде аталардың тағылымын, бабалардың дәстүрін сақтап, кейінгі ұрпаққа насихаттауда үлкен өнегелі жұмыс болар еді.
Елу жылда ел жаңа. Арада қанша уақыт өтсе де бір Алланың құдыреті шексіз ғой, 2004 жылы Қарақия ойпатына қарасты Алатөбе маңында жетібайлық Самиғолла Үмбетов есімді саятшы аң аулап жүріп, қашқан түлкіні індетіп барып, інді қазғанда аузынан жәшікте сақталған біршама беттері сарғайған құнды кітаптар табылады. Бірнеше кітапқа соғылған диаметрі 42 мм. мөр таңбада шеңбер бойымен жоғарғы жарты доғада «Имамь Мулла Киргизской мечети», ортада көлденең үш жолда «вь ФОРТЬ АЛЕКСАНДРОВСКЬ», төменгі жарты доғада «Салтанать Альджановь» деп жазылған. Жазу үлгісі төңкеріске дейінгі орыс графикасы. Сонымен қатар имамның өз қолымен жазылған, араб графикасындағы тектік таралымы: «Имам Молла Салтанат Әлжани»-11. Адай ұлы-10. Құдайкеұлы-9. Қосайұлы-8. Байболұлы-7. Мәмбетқұлұлы-6. Тоқтамысұлы-5. Өгізұлы-4. Қазанғапұлы-3. Баймырзаұлы-2. Тоқжан-1. Әлжани-Салтанат және оған кітап сыйлаушы қолымен харакеттері сақталып жазылған: «Үшбу кітап Салтанат Әлжанұлыныкі», «Сахиб Салтанат», «Ай ахун мулла Салтанат», «Үшбу әл-хидайт мүбарак болсын Султанат бин Әлжани, Ишан хажы Баймырза ұлы» сияқты дерек көздері бар. Табылған кітаптардың бірі «Хидоя/фикх – Сенімді нұсқа-толық шариғат кітабы/, авторы Бурханаддин Марғинани, бұның түсіндірмелері Әл-кифаиа, жеткілікті Жалалиддин Хорезми, әл-Кәрлани, 1904 жылы жарық көрген. Енді бір кітаптардың бірінде «Шар ул бухаия-Шарһул уа каие финх, хидояның үзінділері, қысқартылған нұсқасы араб тілінің граматтикасы туралы жинақ екен. Бұл кітапта Салтанат ахунның өзі қолымен әр парағына түсіндірме сөзбен жазған қолтаңбалары бар. Кейбір парақшаларында араб тілінің граматикасына байланысты жазған дәріс қағаздары да сақталып тұр. Негізі табылған кітаптардың жалпы саны – 16. Бұл кітаптардың әлі күнге дейін сақталуы былай қойғанда терең зерттеуді қажет ететінін көрсетіп-ақ тұр.
Әлжанұлы Салтанат ишаннан үш ұл: үлкені Қапсұлтан, ортаншысы Қансұлтан, кішісі Әнуар. Үлкені Қапсұлтан 1913 жылы туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, даңқты ерлік көрсетіп, «Қызыл жұлдыз» орденін алған. Жастайынан әкесінің немере інісі Зұлқарнай Баймырзаевтың тәрбиесінде болып, Зұлқарнай Мәскеуге оқыту үшін алып кетеді. Сонда білім алып, орыс әйелмен отбасын құрып, қалып қояды. Володя, Валера есімді ұлдары дүниеге келеді. Валера атты ұлынан немересі Михаил бүгінде Мәскеуде отбасымен тұрады. Ал ортаншы ұлы Қансұлтан 1915 жылы туған. Ұзақ жылдар бойы Таушық ауылында банк саласында еңбек еткен. Әкесінің мұраларын жинастыруда осы кісінің еңбегі өлшеусіз. Қансұлтаннан Әбдіразақ пен Әбдірәсул. Кішісі Әнуар 1920 жылы туған. Маңғыстау түбегінің алғашқы кеңестік ағартушылары қатарында оқытушы қызмет атқарған екен. Әнуардан Сержан тарайды. Сержан Әнуарұлы – Ақтау қаласының алғашқы іргетасын қаласқан құрылысшылардың бірегейі, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы». 2016 жылы 74 жасында өмірден озды. Ал Салтанат ахунның шөбересі Кенжебек Сержанұлы бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің 3-курс студенті. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Аталарының мұраларын бүгінде жинақтап, кейінгі буынға насихаттауда еңбек етіп жүр.
Иә, ислам дінінің кең қанат жаюына орасан үлес қосқан діни ғұламалардың бірі Әлжан ишан Баймырзаұлы мен Салтанат ахун Әлжанұлының өнегелі өмір жолдары мен дін саласындағы құнды мұралары күн өткен сайын тарих қойнауына еніп бара жатыр. Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» ұлттық мақаласы аясында ұмыт болып бара жатырған қос тұлғаның есімдерін жаңғырту, жас ұрпаққа насихаттау, жүйелеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу керек-ақ.
Серік НЕГИМОВ,
Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері,
филология ғылымдарының докторы,
профессор