Құдайкеұлы Ер Қосай
Еліміздің батысын жайлаған Кіші жүздің ішіндегі Адай – кең тараған ру. Қазақ энциклопедиясында ол туралы «...Кіші жүздегі Байұлы құрамына кіретін үлкен ру. Арғы тегі Каспий теңізінің оңтүстік – шығыс жағалауын мекендеген ежелгі дай (дах) тайпалары болса керек» деген болжам жазылған. Ал қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұлан «Адайларды ғұн тайпасының
қалдығы» деп атаған. Бұл тұжырымды ол қазақ даласын терең зерттеген
Н.Аристов, В.Радлов, В.Бартольд, А.Бернштам, С.Толстов т.б. секілді ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп жасағанын жазады. Ал халық аузындағы аңыз-әңгімелер мен жырлардың айтуына қарағанда Адай алыс емес, жуық шамамен XV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Маңғыстау өңіріндегі шежіре жинаған барлық адамдар оның ұрпағын тегіс таратып бере алады. Кейбір
ақындар оның туған және жасаған жерлерін де өздерінің өлеңдерінде айтып кеткен.
Мәселен, әйгілі Түмен ақын:
«Әкеміз Адай туған жер,
Кіндігін кесіп буған жер –
Шардара, Шаңдақ, Алғын, Нұр –
Төртеуінің арасы»,- депатапберген.
Сондай-ақ «Адай» сөзінің этимологиясы туралы да пікірлер көп. Соның бірі жоғарыда аталған «дай» тайпаларынан алынған деген болжам болса, Қашаған, Ұзақбай, сондай-ақ Өгізбай, Қалнияз айтқан «Алаңқай батыр» дастанындағы дерекке қарағанда Арғынбек деген батырдан Молақсай жыршы туған, ал одан Алаңқай, одан Алақай туады делінген. Ал «Адай» атауының өзі туралы жыршылардың тұжырымы мынаған саяды:
«Айтып кеткен секілді,
Алаңқай жұртын Адай деп,
Айтуға жеңіл оңай деп...».
Шынында да «Адай» сөзінің басқа мағынасы жоқ, сондықтан қазақтың қай кездегі оңайлатудан шыққан есім дегенге нану керек секілді.
Адайдың ұрпағы өжет, жау жүрек болатынын қазақ даласы тегіс біледі. «Кіші жүзді найза бер де жауға қой» деген сөз де оның осынау ер мінезді, батыл, қайраттылығына байланысты айтылса керек. Ал «Танысаң – Адайыңмын, танымасаң, Құдайыңмын» деген сөз осы ата ұрпағының ожарлау, бетті, кейде тіпті өркөкірек, өжеттеу, қайсар болып келетін мінезін сипаттайтын секілді. Сонымен бірге қазақ даласы Адай ата ұрпағының ақкөңіл, қайтымы шапшаң, ұсақ-түйекті елемейтін, аңқылдақ, ақжүрек екендігін де біледі. Қазір Адай балалары сегіз арыс болып өсіп, өніп отыр. Біздің мақсатымыз шежіре жазу болмағандықтан оларды тегіс таратуды бұл мақаламызда артық санадық. Ғылыми дәлелі болмаса да «Адай атамыз тым ұзақ жасап, 115 жасында өмірден өтіпті» дегенді көптеген шежірешілер баян қылған. «Марқұмның денесі Шаш (қазіргі Ташкент) қаласының маңында
жерленген» дегенді де көптеген көне көздер айтып кеткен. Бүгінде Адай атаның ұрпағының өскен жері 18-19 атаға, өспегені 14-15 атада тұр. Жуық шамамен 28-30 жылда бір ұрпақ келеді десек, Адай атамыздың туғанына 600 жылдай уақыт болыпты. Ал біз бүгін Адайдың немересі Ер Қосайды әңгіме етпекпіз...
Ер Қосайды айтқанда үлкен «Батырлар жырындағы» ноғайлы елінде болған Ер Көкшенің баласы Ер Қосаймен шатастырмау керек. Оның өмір сүрген уақыты біздің Қосайдан жуық шамамен 200 жылға әріге кетеді. Ал біз әңгіме еткелі отырған Қосай Адайдың үлкен ұлы Құдайке деген батырдан туған немересі. Ал Құдайкенің өмір сүрген уақыты қазақтың әйгілі ханы – «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөзді қалдырған Қасымның тұсына келеді. Энциклопедияда оның хандық құрған жылдары 1511-ден 1518-ге дейін деп көрсетілген.
Маңғыстаулық Қаржаубай жыршының айтуына қарағанда:
«Ер Құдайке Қасым ханның айбары,
Жауды көрсе, алау жүзі жанады.
Шаш шаһарын қорғап қалған қанымен
«Қазағым» деп жан садақа байлады...».
Шежірешілердің айтуына қарағанда Құдайке батыр да Ташкент қаласының құбыла батысында, 60 шақырымдай жерде жерленіпті. Сол жерді қазіргі тұрғындары күні бүгінге дейін «Құдайке-қазақ моласы» деп атайды екен. Ал Құдайкенің баласы Қосай жасынан ер атанған батыр, оның үстіне өзіне қыдыр дарыған қасиетті адам болған. Ол туралы аңыздар өте көп.
Бабалары бұлардың батыр Адай,
Жаратқан абзал қылып, оны Құдай.
Беріде пір атанып, Бекет шығып,
Әріде ту көтеріп шыққан Қосай!-деген жолдар қалған. Сол айтқандай, пір Бекет Қосайдан көп кейін туған. Ал оған дейін Адай атаның балалары Қосай атаның рухына табынып, медет сұрап жүреді екен. Қазіргі дін иелері «Бір Құдайдан басқаға сиынбау керек, ол Аллаға шек келтіргендік болады, күнәнің үлкені сол» дегенімен қазақ баласы сол кездерде түрлі әруақты адамдардың басына түнеп, олардан медет тілегені жасырын емес. Және Қыдыр дарыған сондай жандардың шапағаты тигені де рас. Әрине оның бәрін жасаған Алла ғой, бірақ бір нәрсеге құлай сенген құлына ол осы әулие кісілер арқылы шапағатын беретін шығар, бәлкім...
Ұрпақтан ұрпаққа тарап, халықтың аузында жүрген әңгімелердің қоспасы көп болатыны белгілі. Дегенмен оның қайсыбір адамдар тұрғысында ғана айтылатынына қарағанда сол адамда әңгімеде айтылған көптеген қасиеттердің болуы әбден мүмкін.
Қосай атаның елден ерекше қасиетін көрсеткен бізге жеткен бір әңгіменің оқиғасы мынадай: Бірде Қосай өзінің Тобыш және Мұңал деген екі немере інісімен жолға шығады. Қыс айы болса керек, күн суық екен. Жүргіншілер күн батқанша жүріп, ел қарасын көре алмайды. Әбден тоңып, әрі қарындары ашқан екі інісі ағасына қарап: «Уа, қадірлі жасы үлкен ағамыз, жұрт сізді жүрсе, жолы болғыш, тілесе, тілегі қабыл, айтса, айтқаны айдай келетін әулие абыз деуші еді. Сол қасиетіңізді көрсетпесеңіз, біз әрі ашығып, әрі суықтан тоңып, өлер болдық қой»,-деп қынжылады. Сонда Қосай ата атының басын тежеп, жүзін құбылаға қаратып, сәл уақыт сыбырлап тұрады да: «Азырақ жүріп, алдымыздағы белестен асып түселікші, қонар жай сол жерден табылар» депті. Айтқанындай жолаушылар бір белестен асса, алдарынан ақ боз үй, жанған оттың сәулесі көрінеді. Айдаладан шыға келген мынадай ғаламатқа екі інісі әрі қуанып, әрі таңғалады. Сөйтіп аттарынан түсіп, жапанда отырған жалғыз үйге кіреді. Үй ішінде ақ сақалы желбіреген жалғыз қарт отыр екен, ол қонақтарын жылы шыраймен қарсы алады. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін: «Ал, балаларым, алыс жолдан тоңып келдіңдер ғой, қазандағы тамақтан алып, бой жылытып алыңдар», - дейді. Қуанып кеткен жас қонақтар асты өздері түсіріп, дастарханды өздері жайып, отқа жылынып, мәз болып қалады. Тамақ желініп болған соң үй иесі Қосайға қарап: «Бата беріңіз» деген ишара жасайды. Сонда Қосай ата алақанын жайып:
«Жолаушының жолында бол,
Жолыққанның жанында бол.
Тарыққанның қамында бол,
Әркез атыңды атап,
Сиынғанның маңында бол»,-деп бата береді. Сосын әлгі қарияға қарап: «Ал қасиетті бабамыз, ас үстінде бізге де ақ тілегіңізді айтып, батаңызды беріңіз», - деп қолын жаяды. Сондай үй иесі:
«Жүрсең жолың болсын,
Жүрген жағың оңың болсын.
Көптен қолың болсын,
Бақ-дәулетті малың болсын.
Ақ тілегім қабыл болсын,
Алты Алашқа атың қонсын.
Бар керемет өзіңнен табылсын,
Өзім деп келгеннің,
Ықыласы қабыл болсын, әумин»,-деп бата берген екен.
Әрі жылынып, әрі қарындарын тойдырып, мәз болып қатты ұйқыға кеткен екі інісін Қосай ата таңертең «Тұрыңдар» деп оятса... Міне, ғажап... айналаға қараса түндегі үй де, ақ сақалды қария да, қазан-ошақ та жоқ, айдалада қонып жатыр екен. Қосайдың екі інісі мына кереметке таң-тамаша болады. Ал Қосекең өзі түк болмағандай оларды жолға бастайды. Сөйтсе, аңыздардың айтуына қарағанда бұл таң-тамашаны істеп кеткен Қосайдың пірі, қорғап жүретін Қыдыр иесі екенін айтысады...
Әрине мұндайға қазіргі заман адамдарының сене қоюы қиын. Бірақ күні бүгінге дейін Қосай бабаның басына түнеп, тілектері қабыл болып жатқан адамдарды қайда қоямыз? Қазіргі Қарақалпақстанның орталығы Нөкіс қаласының маңындағы Бестөбе деген елді мекеннің қасындағы оның кесенесіне ағылып келушілер саны жыл санап, көбейе түсуде. Соның ішінде атаның басына түнеп, Алладан тілек тілеген талай адамдар қатерлі дерттерінен ада болып, бала көтермеген келіншектер сәби сүйіп, тағы да басқа игілікке қолдары жетіп жатқаны рас. Қосай ата күмбезін көтергенде маңғыстаулық Қарауылбек Оңғарбайұлы ағамыз «Келген жұрт қолтаңбасын қалдырып кетсін» деп, оның басына қалың дәптер қойғызған екен. Сондағы жазуларға қарасаңыз, Қазақстанның бүкіл аймағы ғана емес, бір шеті Ираннан, Ауғаныстаннан, Өзбекстан мен Түрікменстаннан қаптап келіп жатқан адамдарды көрер едіңіз. Қасиеті болмаса, шекара асып, халық алыстан келер ме еді? Тіпті жолаушыға жайлы жаз айларында ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де оның басына ағылушылар саны артып келеді. Шапағатын көргендердің сөзін естіген жұрт бірімен бірі хабарласып, ата басына күн өткен сайын ағыла түсуде...
Ал жыл сайын тамыз айында бұл атаның ұрпақтары да сол жерге жиналуды дәстүрге айналдырған. Олар осы жерде бірнеше күн болып, бір-бірімен танысып, мәслихат құрып, мәре-сәре болады. Сөйтіп шыққан тектерін ұмытпай, арғы аталарына бас иіп, оған өздерінің мінәжаттарын жасайды. Қосайдың туған жылы жөнінде нақты дерек жоқ. Бірақ оның Хақназар ханның тұсында ел билігінің белсенді аренасында болғаны мәлім. Осыған дәлел ретінде көп білетін шежірешілердің бірі Қаржаубай да Қосай туралы мынадай сөз қалған дейді:
«Хақназар хан кеңесшісі белгілім,
Билікпен сақтай білген елдігін,
Түркістанды Баба Сұлтан шапқанда,
Елге үлгі, аңыз болған ерлігің...».
Хақназар хан қазақ даласында XVI ғасырдың ортасынан аяғына дейін хан болғаны белгілі. Нақтырақ айтсақ, «Қазақ энциклопедиясында» оны 1538-1580 жылдары аралығында 42 жыл хан болған деп көрсетеді. Қосай сол ханның оң тізесін баса отыратын серігі, жауға шапса, «Алшын-Адай батыры» атанып, қол бастайтын сардары, дауға салса, сөз бастайтын шешені, қиын түйін болғанда ақыл берер кеңесшісі болыпты. Қазақ даласына төнген сол тұстағы барлық шайқастарда да ол көзге түскен. Сонымен бірге құба қалмақ шапқыншылықтарында да ханның оң көзі болып, жаудың бетін қайтарған деседі. Жоңғар, хиуалықтарменайқастардадаолталайрет ерліккөрсеткенекен. Құбақалмақзаманындағыбір шапқыншылықтаолжаудыңбасбатырыДоржыпалуандыжеңіп, қазаққолынақайратбереді. ТағыбірдеойраттыңХорылбатырын даатартынабөктеріп, елінеолжасалады. Қазақтыңастанасы ТүркістанқаласынаБабасұлтаншапқанда, «Алаш»депатқамінген
қалың қолдыңбасындадаҚосайболып, жаудыңбетінқайтарады. Міне, осындай оқиғалар оның даңқын қалың қазақ даласына танытып, елі «Ер Қосай» деп оны төбелеріне ту етеді.
Хақназар ханнан кейін қазақ даласына оның баласы Шығай ханның басқарғаны белгілі. Энциклопедияда оның хандық дәуірі 1580 мен 1582 жылдар аралығы деп көрсетілген. Қасым өлген кезде Қосай 70-тен асқан қарт адам екен. Ол жас ханмен тіл табыса алмайды. Сол себептен де болса керек, Қосай бастаған 40 мың үйлі исі Алшын әулеті Сыр бойынан ауа көшіп, Нұрата, Кенимехқа қарай бағыт алады. Бұл туралы «Кіші жүздің шежіресінде» де (құрастырған Х.Мәденов) айтылады. Ал ауызы дуалы, қасиетті ақсақалды қадірлемеген Шығай ханның өзі де ұзақ уақыт хан
болып тұра алмай екі жылға жетпейтін уақытта тағынан түседі...
Міне, осы және көптеген көнекөз қарттарымыздың айтуымен Қосайдың туған жылы жуық шамамен 1507 жылға келеді. Сөйтіп 2007 жылыбабамызға 500 жыл толды. Көнекөзқарияларымыздың, сұңғылашежірешілеріміздің
бәрінің айтуынша, Қосайата 87 жасында дүниеденөтіпті. Оның бейітіжоғарыдаайтқанымыздай, Нөкісқаласыныңтүбіндегі Бестөбедегенелдімекенніңжанында. Елімізегемендігіналғаннан кейіноныңұрпақтарыбасынаайшықтымұнараорнатқан. Оның күмбезісонадайданменмұндалапкөрініптұрады.
Қосайдыңқасиеттерітуралыжазғанадамкөп. Соныңішінде жаңаөзендікӨмірзақҚалбайұлы«ЕрҚосай»аттыдастанжазған. СолдастанындаӨмекеңҚосайтуралы: